2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған президенттің баспасөз хатшысы жағдайын айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таяуда коронавирус анықталған мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли қазіргі хал-жағдайын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуымен он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болған жоқ. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды.
Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Ол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды", - деді ол.

Сонымен қатар Берік Уәли коронавирус инфекциясынан сақтану үшін ел тұрғындарын барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Еске сала кетсек, 7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді. Ол медициналық мекемеге жатқызылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған президенттің баспасөз хатшысы жағдайын айтып берді