Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 100-ге жетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында тағы үш адам коронавирустан көз жұмды. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 100-ге жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 100-ге жетті
Көрнекі фото: inbusiness.kz: Getty Images

Марқұмдар Нұр-Сұлтан қаласынан. Олар 1946 және 1952 жылдары туған әйелдер мен 1963 жылы дүниеге келген ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.

Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 100 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, 17 маусым күні елде коронавируспен ауырған тағы 335 адам тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 15 877-ге жетті.

Одан бөлек, 2020 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 656 тасушы тіркелді. Қазіргі уақытта елімізде коронавирус белгілілері жоқ тасушылар саны 6831-ге жетті.

Айта кететін жайт, Алматы қаласында коронавирусқа тест тапсыратындардың саны күрт өскен. Сынама тапсыратын арнайы орталықтарда қазіргі кезде ұзын-сонар кезек. Оған себеп, денсаулығына алаңдаған жергілікті тұрғындардан бөлек, ұйым мен мекеме міндеттеген қызметкерлер де көп. Мамандардың сөзінше, тест тапсырушылар көктем мезгілімен салыстырғанда 28 есе артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860952-kazakstanda-koronavirustan-kajtys-bolgandar-sany-100-ge-zetti/

pixel