Выйти
RU

Сәдуақасова ұлының туған күнінде үйін шарлармен безендіріп, тосын сый жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантинге қарамастан жалғыз ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өтіп, ол үшін нағыз мереке ұйымдастырған. Әнші алты жасқа толған баласына естен кетпес тосын сый жасап, үйін шарлармен безендіріп қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina/smagulov_anuar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sadvakasovamadina/smagulov_anuar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мадина Сәдуақасова перзентінің туған күнін жылда ауқымды түрде дүркіретіп өткізіп келді. Алайда, осы жылы елімізде орын алған қиын жағдайға орай, Әнуардың алты жасын тек санаулы жандармен өткізуге мәжбүр болған.

Ерлі-зайыптылар ұлының туған күнінде оның көңілін барынша көтеруге тырысып, түрлі түсті шарлар алдыртқан. Олар үйлерін нағыз ертегідей сияқты безендіріп, баласына ерекше әсер қалдырды.

Сәдуақасова ұлын Instagram желісінде де құттықтауды ұмытпаған. Өнер иесі оған деген жүрекжарды тілегін арнап, суретімен бөліскен.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Біздің құлынымыз 6-ға келді! Аллаға шүкір! Балабақшаны бітіріп, енді мектепке дайындалады! Құтты болсын туған күнің, жаным! Өзің ақ жарқын, мейірімді , арманшыл болып өсіп келесің, өз жасыңа лайық ақылың бар, үнемі күлімдеп , жан жағыңа нұр шашып жүрген баласың, осындай болып қала бер, болашағың жарқын болсын, ең бастысы, денің сау болсын, аман бол, армандарыңа жете бер" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін желідегілер ұлттық киімдегі Мадина Сәдуақасоваға тәнті болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сәдуақасова ұлының туған күнінде үйін шарлармен безендіріп, тосын сый жасады