Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немерелеріміз бар": Сұлтанқызы күйеуінің бірінші некесіндегі балалары туралы айтты

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының бірінші некесіндегі балаларымен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты. Ақпарат өкілі күйеуінің үлкен ұлдарымен де, олардың келіншектерімен де жақсы араласатын болып шықты. Ол отағасының немерелері өзінің кіші ұлдарымен жасты екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sultankyzy/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының үлкен перзенттерімен арақатынасы туралы бар шындықты айтып, Instagram парақшасында жазба жариялады. Ақпарат өкілі балалары кішкентай болса да, өзін немерелері бар әже екенін айтып жұртты таңғалдырды.

Белгілі болғандай, ол отағасының бірінші некедегі немерелері туралы айтқан.

Тележүргізуші өз ұлдары мен немерелері бір үйдің баласындай өсіп жатқанына аса қуанышты екенін жасырмады.

"Мына суретте «Ләйлә әжемін». Қайрекеңнің үлкен ұлынан тараған немереміз Ажар 14-ке келді. Үлкен ұлым Сағадат, Ажардан 2-3 ай кіші. Бәрі қатар өсті. Қызығушылықтары да бір. Бір үйдің балаларындай. Қайрекең "үлкен балаларым дүниеге келгенде өзім де жас болдым ба, көп нәрсені түсінбеген шығармын, мыналарға (немере, ұлдары) қарап әрбір сәтіне куә болғым келеді” дейді.
Немере де тәтті, балалар да тәтті. Келіндерім құрбымдай. Динара да, Малика да көрегенді, текті жерден екені сөзімен, ісімен көрінеді. Құдағиларыма рақмет. Бірінші рет оларды әке-шешесі Астанаға қыдыруға жіберген ғой. Олармен біз де мәз болдық. Ертең-ақ бұл балалар өседі, кім қайдан, қалай деген сұрақтар емес, естерінде бір-бірімен өткізген қызықты шақтары қалады.Қан жақындығы, бауырмашылдықтары, жаны ашып, болысуы. Ұлдарым мен немерелеріме қарап осыны түсінгендеймін" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус жұқтырған туысы ауруханадан жататын орын таба алмай қиналғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860957-nemerelerimiz-bar-sltankyzy-kjeuini-birinsi-nekesindegi-balalary-turaly-ajtty/

pixel