Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Митхун Чакраборти": Кенжебек Жанәбілов 12 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті

Опубликовано:

"МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов желіде он екі жыл бұрынғы суретін жариялап, ел арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандар әншінің жас кезіндегі түрін әйгілі үнді актері Митхун Чакрабортиге қатты ұқсатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kenzhebekmuzart. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Эстрада жұлдызы ел талқысына түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте өнер иесінің қара автокөліктің алдында тұрғанын көруге болады. Онда Жанәбіловтың түрі айтарлықтай жас болып көрінеді.

Желі қолданушылары оның он екі жыл бұрын түсірілген фотосына қатысты пікірлерін жарыса қалдырған. Кенжебектің жас кезіне тәнті болғандар арасында белгілі отандық боксшы Жанқош Тұраров та бар болып шықты.

Спортшы әнші ағасын кезінде аты жер жарып тұрған ұнді жұлдызы Митхун Чакрабортиге ұқсатты.

"Митхун Чакрабортидің дәл өзі" , "Митхунның қазақша нұсқасы" , "Жас мексикандық азамат" , "От кездер ғой" , "Кезінде расымен Митхун болыпсың" , "Үнді актері жолда қалады" , "Қазір толықтаусыз, бірақ бәрібір сүйкімдісіз" , "Бұйрабас" , "Шын үнді жігіттері сияқты болып қалыпсыз" , "Қандай сымбаттысыз" , "Қайран жастық шақ" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбілов әйелі екеуінің арасын бұзбақ болған жандар туралы бар шындықты айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860958-mithun-cakraborti-kenzebek-zanbilov-12-zyl-bryn-kandaj-bolganyn-krsetti/

pixel