Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы ауылдың бірінде жезөкшелер ордасы анықталды

Опубликовано:

Түркістан облысы Мақтарал ауылының полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz: Instagram

Басылымның мәлметінше, Мақтарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Атакент аулының жеке үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтаған.

Ол жерден интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті үш қыз белгілі болған.

Сонымен қатар, полиция притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырды деген күдікпен Мақтарал ауданының тұрғынын тұтқындаған.

Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, бұл жайт қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында жезөкшелікпен айналысқан төрт қыз бен оларды клиенттерге "сатып отырған" жеңгетайлар қолға түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860969-trkistan-oblysyndagy-auyldy-birinde-zezkseler-ordasy-anyktaldy/

pixel