Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC спортшысы Ресейде аралас жекпе-жек шеберлерінің 95% допинг қабылдайтынын жайып салды

Опубликовано:

UFC-де өнер көрсететін ресейлік спортшы Арман Царукян даулы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ресейлік аралас жекпе-жек шеберлері жаппай допинг қабылдайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Неге ресейлік спортшылардың UFC-де жолы бола бермейді – өйткені онда препараттарға тыйым салынған. Шындығын айтар болсақ, Ресейде аралас жекпе-жек шеберлерінің 95 пайызы допинг қабылдайды", – дейді Царукян.

Айтуынша, допинг жекпе-жекті қызықтырақ етеді, себебі октагондағы спортшылар тез шаршап қалмайды.

"Егер қарсыласың допинг қабылдап, ал сен қабылдамасаң, қанша жерден тырысқанымен де оны жеңе алмайсың. Кейде ACA-де жекпе-жектер UFC-ге қарағанда қызықтырақ өтеді, себебі спортшылар ұзақ төбелеседі. Мәселен 5 рет құлаған адамның қайтадан тұрып, жекпе-жекті жалғастырып жатқанын көруге болады. Меніңше, UFC-де бұндайды көре алмайсың. Кейде осыған байланысты ресейлік спортшылардың UFC-де жолы болмайды.
Ресейде спортшыларды допингке тексеру қажет. Менің ойымша, бір адамды тексеруге шамамен 5 мың доллар ақша кетеді. Біздің компанияларда әзірге бұндай қаражат жоқ", – дейді ресейлік спортшы.

Ол допинг қабылдауға үзілді-кесілді қарсы екенін, себебі оның денсаулыққа кері әсер етеінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC туы астындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын үш минуттың ішінде жеңгенін хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860977-ufc-sportsysy-resejde-aralas-zekpe-zek-seberlerini-95-doping-kabyldajtynyn-zajyp-saldy/

pixel