Выйти
RU

Еуропадағы ірі ет комбинатында жүздеген қызметкер коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Германиядағы батыс аймағында орналасқан мал сою комбинатында 650-ден астам жұмысшысы коронавирус жұқтырған. Билік инфекция жұқтырғандардың саны барған сайын өсіп жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Корреспондент-ке сілтеме жасап.

Германиядағы ет комбинатында COVID-тің жүздеген дерегі анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com

17 маусымда неміс ақпарат құралдарында хабарланғандай, коронавирус ошағы Германияның батысында орналасқан Еуропадағы ең ірі Tönnies мал сою компаниясында тіркелген.

Гютерсло округінің билігі Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды аумағында Реда-Виденбрюк қаласында орналасқан компанияның мыңнан астам қызметкерін коронавирусқа тексеруден өткізген.

17 маусым таңертеңгі мәліметтерге сәйкес, алғашқы 590 адамның қорытындысы шығып, олардың 395-і оң нәтиже көрсеткен. Бір күн ішінде компания қызметкерлері арасында коронавирус жұқтыру саны 657-ге дейін өскен.

Гютерсло округінің басшысы Свен-Георг Аденауэр қалған сынақтардың нәтижелері тура осындай болады деп болжап отыр.

Tönnies компаниясының коронавирус жұқтырған қызметкерлері екі апта карантинге жатқызылған, олардың көпшілігінде ауру белгілері жоқ.

Сондай-ақ, компания өз жұмысын екі аптаға тоқтатқан.

Сонымен қатар инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін Гютерсло округінің билігі 15 маусымда күнделікті жұмысын қайта бастаған барлық мектептер мен балабақшаларды 26 маусымда (жазғы демалыстың басталуы) қайтадан жабу туралы шешім қабылдаған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Компания басшылығы карантин шектеулері алынғаннан кейін үйіне және жақындарына қонаққа барған қызметкерлер коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деп болжайды.

Мал соятын жерде жұмыс істейтіндердің едәуір бөлігі Шығыс Еуропа елдерінен келген көрінеді.

Басшылықтың мәліметінше, 10 мамырдан 18 мамырға дейін компания жүргізген тексерістің нәтижесінде 6 400 қызметкер арасында бірде-бір коронавирус тіркелмеген.

Айта кетейік, бұған дейін Deep knowledge group компаниясының мамандары коронавирус бойынша ең қауіпсіз және қауіпті елдер рейтингін ұсынғанын жазған едік. Қауіпсіз елдер қатарына Германия да енген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуропадағы ірі ет комбинатында жүздеген қызметкер коронавирус жұқтырған