RU

Қаржы министрі өзін-өзі оқшаулауда

Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны себепті карантинге жатқызылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев карантинге кетті
Ерұлан Жамаубаев. Фото: facebook.com/minfingovkz: UGC

Бұл ақпаратқа қатысты ведомствоның баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Министр бүгін өзін-өзі оқшаулады. Бұрын ол тапсырған сынақ нәтижелері теріс болған", – деп атап өтті Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ведомство министрлік басшысы өзін жақсы сезінетінін және қазіргі уақытта үйден жұмыс істеп жатқанын да айта кетті.

Ал Ерұлан Жамаубаевтың міндетін уақытша вице-министр Татьяна Савельева атқарады. Шенеунік бейсенбі күні сенатта баяндама жасаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін, онымен Жамбыл облысында сапарда бірге болған үкімет басшысы Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырған мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин да өзін-өзі оқшаулауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860985-karzy-ministri-zin-zi-oksaulauda.html