Выйти
RU

Жағдай ушықты: СҚО бойынша блок-бекеттер қайта қойылуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

СҚО-дағы коронавирус жұқтырғандар анықталып жатқан үш аймақта блок-бекеттер қайта қойылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

СҚО бойынша 11 блок-бекет қойылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Ведомствода атап өтілгендей, өңірде Ресеймен шекаралас 3 блок-бекет әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, ауру жұқтыру ошағы анықталған үш өңірде де бекеттер қойылған. Жалпы мұндай бөгеттердің саны облыс бойынша 11-ге жетті.

Бүгінгі күнгі мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың 134 дерегі тіркелді. Өткен тәулікте 25 науқас анықталды, олардың 9-ында ауру белгілері жоқ.

Тәртіп сақшылары облыста қауіпті вирустың таралу жағдайының ушыққанын атап өтті. Сол себепті карантин күшейтілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шаралары күшейтілетіні туралы хабарланған еді.

Қазақстанның бірқатар өңіріндегі эпидемиологиялық жағдайдың асқынуын және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуін ескере отырып, ВАК ағымдағы жылғы 20-21 маусым — демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жағдай ушықты: СҚО бойынша блок-бекеттер қайта қойылуда