Выйти
RU

Павлодар облысындағы тас жолда жеті жасар бала көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тереңкөл-Железинка тас жолында Volkswagen Passat DAF жүк көлігімен соқтығысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

Павлодар облысындағы тас жолда жеті жасар бала жол апатынан көз жұмды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Оқиға 17 маусым күні күндіз орын алды. 32 жастағы ер адам тізгіндеген жеңіл автокөліктің ішінде үш бала отырған. Апат салдарынан 7 жасар бала көз жұмды. Қалған 2020 және 2016 жылғы қыз балалар Павлодар ауруханасына түсті.

Аталған факті бойынша барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Павлодар облысында Volkswagen Passat маркалы автокөлігімен тағы бір ЖКО орын алды.

Бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам Павлодарда апатқа ұшырады. Polisia.kz баслымының мәліметінше, ер адам ұсталды.

Жол-көлік оқиғасы 14 маусым күні болды. Полицияға Успен көпірі жағында жол-көлік апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері Volkswagen Passat көлігін мініп алған жүргізуші Павлодар қаласында Павлодар-Успенка күре жолына қарай келе жатып, жылдамдықты асырып, жарық бағанасына соғылғанын айнықтады.

Тәртіп сақшылары көліктің ішінде Павлодар қаласының 1964 және 1986 жылғы тұрғындары болғанын хабарлады. Олар жол-көлік апаты кезінде көлікті жүргізбегенін айтты. Екеуі де жарақат алды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Полицейлер көліктің иесі болып шыққан павлодарлық 56 жастағы ер адамның көлік жүргізу құқығынан бұрын айырылғанын анықтады. Тергеу барысында жол-көлік апаты кезінде көлікті өзі жүргізгені белгілі болды.

Ер адам Павлодар қаласының уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталған фактімен ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысындағы тас жолда жеті жасар бала көз жұмды