RU

Қарағандыда мас күйде полициядан қашқан жүргізуші ұсталды

Қарағандыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мас күйде көлік тізгіндеп, полициядан қашқан 20 жастағы жігітті ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда мас күйде полициядан қашқан жүргізуші ұсталды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Құқық қорғау органдары оқиғаның 17 маусым күні кешкілік уақытта болғанын мәлімдеді.

Қалалық бағдаршамдардың бірінде полиция қызметкерлері шетелдік көліктің қызыл түске жүріп өткенін байқаған.

Жүргізуші полицияның көлікті тоқтату туралы талабын орындамады. Оның орнына ер адам аулалар арасымен қаша бастапты.

Алайда бір кезде ол көлікті тізгіндей алмай, қоршауға соғылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Ер адам мас күйінде көлік жүргізді. Жігітке қатысты Қазақстанның әкімшілік кодексіне сәйкес төрт протокол толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, солтүстік Қазақстан облысында "inDriver" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушы тасыған жүргізушінің рульге есірткі шегіп отырғаны анықталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласынан шығып келе жатқан автокөлікті тексерген. "BMW" рулінде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское елдімекенінің 43 жастағы тұрғыны болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861030-karagandyda-mas-kjde-policiadan-kaskan-zrgizusi-staldy.html