Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-премьер Ералы Тоғжанов та коронавирус жұқтырған болып шықты

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан да коронавирус инфекциясы анықталды. Вице-премьер өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Depositphotos
"Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекция анықталды", - деді ол Facebook парақшасында. 

Сонымен қарт, бүгін Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды.

7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді.

Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Алайда шенеунікте ауру белгілері байқалмаған.

Ал бірнеше күн бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды.

Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада жатыр.

Ал күні кеше қауіпті вирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин өз-өзін оқшаулау режиміне көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861048-vice-premer-eraly-togzanovtan-da-koronavirus-indeti-anyktaldy/

pixel