Выйти
RU

Демалыс пен үзіліс жоқ: Алматылықтар жаппай коронавирусқа тест тапсыруда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мыңдаған алматылық күнделікті коронавирусқа тест тапсыруда. Бұл - тек бір зертхананың статистикасы. Қала тұрғындары "Нұрлы Тауға" көлікпен не жаяу келіп, өз кезегін күтуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар жаппай коронавирусқа тест тапсыруда

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Зертханадағы кәріс дәрігерлердің сөзінше, тапсырылған тесттердің 30-40%-ы оң нәтиже береді екен. Сол себепті тіпті тест тапсыру кезінде қажетті сақтық шараларды қолданған маңызды.

Ішке кірмес бұрын обаға қарсы костюмдер кигізіп, маска мен бахила, қолғап ұсынылады.

Осылайша медицина қызметкерлері ашық аспан астында, күннің ыстығында сағаттап жүр. Тесттен өтемін деушілердің легі аз емес.
  • Жұмыс уақыты таңғы 9:00-ден 16:00-ге дейін созылады. Демалыс күндері, түскі үзіліс деген мүлде жоқ.

Медицина қызметкерлерінің сөзінше, тесттен өтуге күніне шамамен 500-600 көлік және 700 жаяу жүргінші келеді екен.

Кейбір адамдар тестті өздері үшін, ал бірі жұмыстағы талап бойынша тапсырады.

Соңғы кездері келушілердің легі ұлғайған.

Зертхана қызметкерлердің сөзінше, зертхана ашыла салғанда о баста 60-70 адам келген болса, қазір олардың саны күрт өсіп, мыңға дейін жеткен.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Көліктегі адамдар барлық отбасы мүшелерін тесттен өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік,бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажановтан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Демалыс пен үзіліс жоқ: Алматылықтар жаппай коронавирусқа тест тапсыруда