Выйти
RU

Жандарбек Бекшин: Ауруханалардағы төсек орындары 95%-ға толып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде Алматыдағы шектеу шаралары туралы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин: Ауруханалардағы төсек орын 95%-ға толды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Бүгінгі таңда коронавирусқа қатысты жағдайы мәз емес, 3 маусымнан бастап соңғы екі аптада қалада вирус жұқтырудың деректері жиі тіркеле бастады.

Денсаулық сақтау және инфекцияны таратпау, сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. 20-21 маусым, яғни, сенбі және жексенбі күндері қосымша шаралар қолданылатын болады.

Ауруханалардағы төсек орындар 95%-ға толды. Мекемеден жазылып шыққандардың орнына басқа науқастар келуде", - деді Бекшин.

Оның сөзінше, ірі сауда желілерінің жұмыстары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, фитнес-орталықтардың жұмысы тоқтатылады.

"Қаржы секторлары, бизнес-орталықтары, кеңсе, ХҚКО-ы мен қоғамдық көліктердің жұмыстары тоқтатылады.

Біз тұрғындардың жаппай жиналу орнына айналған парктер мен саябақтарда, Медеу мен Шымбұлақта, Сайран жағалауының бойында серуендеуді шектейміз.

Нысандарда біз үй ішінде де, іргелес жерлерде де дезинфекция жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Бұрын тоқтатылған нысандардың жұмысына тыйым салынды, мерекелер мен ас беруге тыйым салынды, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, караоке-барлар, тамақтану алаңдары, түнгі клубтар, көрмелер мен конференцияларға тыйым салынды. Полиция бөлімі халық көп жиналатын жерлерде патрульдеу жүргізеді", - деді Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жандарбек Бекшин: Ауруханалардағы төсек орындары 95%-ға толып қалды