Выйти
RU

Елімізде COVID-19 жұқтырған шенеуніктер қайда емделіп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде соңғы уақытта шенеуніктердің арасынан да коронавирус жұқтырғандар шыға бастады. Бүгін инфекция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан анықталды. Олардың оқшауланғаны БАҚ беттерінде хабарланды. Осы орайда жоғары лауазымдағы қызметкерлердің қайда емделіп жатқанын KAZ.NUR.KZ порталы Azattyq Ryhy басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Facebook/Бекболат Тілеухан, Елжан Біртанов, Берік Уәли және pixabay.com

Фото: Facebook/Бекболат Тілеухан, Елжан Біртанов, Берік Уәли және pixabay.com

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бір ауруханада – Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан салынған модульдік инфекциялық орталықта жатыр.

Бұл ақпаратты олардың өкілдері растады.

Фото: Azattyq Ryhy

Фото: Azattyq Ryhy

Үшеуі де бұған дейін фтизиопульмонологиялық орталықта (туберкулездік диспансер – ред.) болған екен.

Белгілі болғандай, жағдайы тәуір болған адамдар модульдік ауруханаға жіберіліп отырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Біртановтың жағдайы "қанағаттанарлық" екенін жеткізді.

"Жағдайы орташа қалыпты. Қанағаттанарлық. Ем-домын қабылдап жатыр. Нұр-Сұлтандағы модульдік ауруханада. Халықпен бірге, халықтың алып жатқан емін ол кісі де алып жатыр.

Штабтың жұмысын күндіз-түні онлайн режимде, ұялы телефон арқылы, чаттарға кіріп қадағалап, нұсқау беріп отыр. Ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Емделіп, жұмысқа қосылады деп ойлаймыз.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Емдеу уақыты – 2-3 аптаның көлемі ғой. 9-хаттама бойынша, егер науқастың жағдайы жақсарса, өз келісімімен ауруханадан шығаруға болады", - деді ол.

Бекболат Тілеуханның көмекшісі депутаттың халі "жақсы" деп отыр. Ол келесі аптада ауруханадан шығуы мүмкін.

"Алдында диспансерде жатыр еді, екі күннен соң жаңа ауруханаға ауыстырды. Телефонмен демікпесі басылғанын, қазір жақсы екенін жеткізді. Сақтық шараларын сақтау керек екенін айтты", - деді мәжіліс депутанының көмекшісі.

Бұған дейін Берік Уәли коронавирустан қалай емделіп жатқанын, қазір жағдайы жақсарғанын мәлімдеген болатын.

"Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуымен он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болған жоқ. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды. Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Ол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды", - деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы..

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Ал Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен симптомсыз коронавирус табылғандықтан, үйде емделіп жатыр. Ол Денсаулық сақтау министрімен байланыста болған.

Фото: Azattyq Ryhy

Фото: Azattyq Ryhy

Сонымен қатар, қауіпті дерт анықталған шенеуніктермен байланысқа түскен премьер-министр, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, қорғаныс, экология министрлері мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қазір үй карантинінде жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.

Ал осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды.

7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді.

Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Алайда шенеунікте ауру белгілері байқалмаған.

Ал бірнеше күн бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада жатыр.

Ал күні кеше қауіпті вирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин өз-өзін оқшаулау режиміне көшті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде COVID-19 жұқтырған шенеуніктер қайда емделіп жатыр