RU

Қазақстанда вирус жұқтырған 54 науқас өзге ауру салдарынан қайтыс болған

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева брифинг кезінде Қазақстандағы коронавирустың салдарынан болған өлім-жітім статистикасын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусы бар 54 науқас қосалқы аурулардан көз жұмды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Cпикер қазіргі таңда елде COVID-19-дан 97 адамның көз жұмғанын еске салды. Айтуынша, тағы 54 адам инфаркт, инсульт және онкологиялық аурулардан қайтыс болған.

Белгілі болғандай, олардан коронавирус анықталып, қосалқы ауру болып есептелген. Десе де, қауіпті вирус науқастардың өліміне әкеп соққан.

Ақтаева елімізде аурудың өсуімен пневмониямен ауыратын науқастардың саны пропорционалды түрде артып келе жатқанын айтты.

Оның сөзінше, жансақтау бөлімдерінде 125 адам жатыр. Ал COVID-19 эпидемиясының басында олардың саны 25-30 болған.

Министрдің міндетін атқарушы ел бойынша 36,6 төсек орынның барын, оның 8,1 мыңы - инфекциялық және 8 мыңнан астамы - провизорлық төсек жай екенін айтты. Карантиндік кереуеттер саны 20,4 мың данаға тең.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы ауруханалардағы төсек орындарының 95%-ға толып қалғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, айта кету керек, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861088-kazakstanda-virus-zktyrgan-54-naukas-zge-auru-saldarynan-kajtys-bolgan.html