Выйти
RU

ДСМ неліктен Қазақстан бойынша карантинді күшейтуді ұсынбай отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева онлайн брифинг барысында карантин шаралары елімізде қай кезде күшейтілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазіргі кезде науқастардың күн сайынғы өсімі инфекцияның нақты динамикасын көрсете алмайды. Сол себепті басқа да көрсеткіштер ұсынылды. Соның бірі – репродуктивті әлеует. Ол бір науқастың инфекцияны қанша адамға жұқтыра алатынын көрсетеді. Егер осы көрсеткіш 1,3-тен жоғары немесе 1,15 шамасында болса, шектеу шараларын күшейту керек", - деп түсіндірді Ақтаева.

Оның сөзінше, карантинді қатаңдатудың тағы бір көрсеткіші – аурухана орындарының тапшылығы. Стационардағы барлық орынның 70-90 пайызы толып қалса, карантин шаралары күшейтіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДСМ неліктен Қазақстан бойынша карантинді күшейтуді ұсынбай отыр