2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Коронавируc: Елімізде тест нәтижесі теріс шыққандарды да емдеуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен қазақстандықтардың қандай белгілері болған кезде коронавирустан емделе алатынын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусы жоқ қазақстандықтар да вирустан емделуі мүмкін

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева "коронавирустың ықтимал жағдайы" түсінігі медициналық тәжірибеде бекітілгенін хабарлады.

Бұл көбінесе covid-19 клиникалық көріністері бар және бұл КT нәтижесін көрсететін пневмониясы бар, алайда коронавирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсеткен пациенттерге қатысты қолданылуы мүмкін.

"Егер науқаста коронавирустың клиникалық көрінісі бар болса, онда медициналық кеңес теріс ПТР тестімен де уақытылы емдеу үшін "ықтимал коронавирус" диагнозын қоя алады. Бұл коронавирустың өзіндік түрі емес, бұл диагноздардың бірі" - деді Ақтаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләзат Ақтаева брифинг кезінде Қазақстандағы коронавирустың салдарынан болған өлім-жітім статистикасын атады.

Cпикер қазіргі таңда елде COVID-19-тен 97 адамның көз жұмғанын еске салды. Айтуынша, тағы 54 адам инфаркт, инсульт және онкологиялық аурулардан қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавируc: Елімізде тест нәтижесі теріс шыққандарды да емдеуі мүмкін