Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда келіншек балаларға ақша мен алтын үшін "дуаны" алып тастауға уәде берген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда алаяқтық жолмен кәмелетке толмаған жасөспірімдерден бағалы әшекейлерді тартып алған әйел ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда келіншек балаларға ақша мен алтын үшін "дуаны" алып тастауға уәде берген

Фото: Polisia.kz, Көрнекі фото: pixabay.com

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда өзін экстрасенс деп таныстырып жүрген 31 жастағы әйел ұстады. Ол балаларды алдап, ақша мен басқа да құнды заттарын тартып алған.

Полицияның пікірінше, күдікті көшеде жүрген балаларға жақындап, олардың туыстарына дуа жасалғанын айтқан.

Ал содан кейін оларға дуаны алып тастау үшін үйден ақша мен зергерлік бұйымдарды алып келуге ұсыныс тастапты.

Кәмелетке толмаған үш жасөспірім алаяқтың құрығына түскен. Осылайша, ол 600 мың теңге мен ломбардқа өткізіп үлгерген алтын әшекейлерді алған.

Күдікті бұған дейін алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған болатын. Оған үш эпизод бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында егде жастағы әйелдің талапкерді оқуға түсіруге көмектесемін деп уәде беріп, 2 миллион теңгені қолды қылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Алаяқтар талапкерлер үшін маңызды кезеңді күнкөріс көзіне айналдыруда. Оған Жуалы ауданында орын алған оқиғаны мысал ретінде алуға болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда келіншек балаларға ақша мен алтын үшін "дуаны" алып тастауға уәде берген