Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың зиялы қауым өкілдері Елбасына тезірек сауығуын тілеп хат жолдады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының зиялы қауым өкілдері Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевқа сауығуын тілеп ашық хат жолдады.

Елорданың зиялы қауым өкілдері Елбасына тезірек сауығуын тілеп хат жолдады
Фото: Елбасы: Instagram

"Аса мәртебелі Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы!

Жаһанды жаулаған COVID-19 дертінің Сізден де табылғанын естіп, бұл жайсыз хабарды алаңдаушылықпен қабылдадық. 

Өмірдің талай қиындығы мен кедергісін еңсеріп, халқымызға тәуелсіз мемлекет, баянды бақыт сыйлау жолында табанды еңбек етіп келесіз. «Халқымның табанына батқан  тікен, менің маңдайыма тисін» деген ізгі ниетіңіз бен қажырлы еңбегіңізді ел-жұрт жақсы біледі. Сондықтан елін, жерін сүйген, ұлтының қамын ойлаған арда азаматтың денсаулығына алаңдаған, оның аман-саулығын тілеген халықта есеп жоқ.

Сіз саналы ғұмырыңызда салауатты өмір салтын ұстануды, денсаулықты күтудің өнегелі үлгісін көрсетіп келесіз. Рухыңыздың мықтылығымен, қайраткерлігіңіз бен жігеріңіздің арқасында  бұл дертті де еңсеріп шығатыныңызға кәміл сенеміз.

Сексеннің сеңгіріне шыққан мерейлі жасыңызды ел болып атап өтіп, тоқсанның торқалы тойын көре бергейсіз. Өзіңізге тек зор денсаулық, амандық тілейміз"- деп жазды интеллигенция өкілдері. 

Лебіз хаты Нұр-Сұлтан қаласының зиялы қауым өкілдерінің атынан жолданған.

Атап айтқанда, олардың қатарында Мырзатай Жолдасбеков - Мемлекет және қоғам қайраткері, Сұлтан Оразалин - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, Ғарифолла Есім – Академик, Қонысбай Әбіл – Халық ақыны, Несіпбек Айтұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Серік Тұрғынбеков - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Жандарбек Мәлібеков – Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, Аяған Бүркітбай – Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Серік Негимов – Филология ғылымдарының докторы, профессор, Жүзбай Жанғали – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Талғат Теменов – Қазақстанның халық әртісі, театр және кино режиссері, Аманжол Әлтай – Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын,Қыдырәлі Болманов – «Құрмет» орденінің иегері, әнші, Қарақат Әбілдина – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, Тамара Асар - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861107-elordany-zialy-kauym-kilderi-elbasyna-tezirek-sauyguyn-tilep-hat-zoldady/

pixel