Выйти
RU

Петропавлда зейнеткер тоналды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавлда ер адам 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікке ілінді. Егде жастағы әйелдің 116 мың теңге салынған сөмкесі ұрланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда зейнеткер тоналды

Көрнекі фото: pixabay.com

Күдіктіні іздестіруге барлық сыртқы полиция қызметі жіберілді. Сондай-ақ, СҚО ауруханасының ауданына жақын маңайда жүрген патруль жіберілді.

Көп ұзамай сипаттамаға сәйкес келетін ер адам табылды. Оның шалбарының сыртқы қалтасында әйелдерге арналған әмиян табылды, оны полиция бірден байқады.

Олар ер азаматтан әмиянды көрсетуді талап етті. Ал көргеннен кейін іздестірген адамын тапқанын түсініпті.

ІІМ-де атап өтілгендей, ол ұрлық жасар алдында біраз уақыт бұрын Ақмола облысынан Петропавлға көшіп келген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Енді ер адам өз қателіктері үшін жауап беруі керек. СДТБТ бойынша оның әрекеті "тонау" ретінде тіркелген (ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі). Күдікті ұсталды және Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әмиянын қайтып алған зейнеткер алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда 10 баласы бар егде жастағы ерлі-зайыптылар өз пәтерлерінен өлі күйінде табылды.

Қала маңындағы Красный Яр ауылының тұрғыны ата-анасын көріп қайтуға келген, алайда олардың жансыз денесін тауып, күйзеліске түскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Петропавлда зейнеткер тоналды