Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда коронавирустан бірінші адам қайтыс болды

Опубликовано:

Байқоңыр қаласында коронавирус инфекциясынан көз жұмған бірінші науқас тіркелді. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда қауіпті дерттен қайтыс болғандардың саны 105-ге жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қаланың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Құжатта қаладағы коронавирус жағдайы сипатталған. 18 маусымдағы жағдай бойынша, Байқоңырда 56 адамнан вирус анықталды.

Олардың оны қауіпті дерттен жазылса, жетеуі үйінде ем қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, асқыну салдарынан Covid-19 жұқтырған бір науқас қайтыс болды.

coronavirus2020.kz сайты ұсынған мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус он алты мыңға жуық адамнан анықталған. Олардың он мыңнан астамы вирусты жеңіп, ауруханадан шықса, жүзден астам науқас көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды облысында, Алматы қаласында, Ақмола облысында тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде вирус жұқтырған 54 науқастың өзге ауру салдарынан қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, бұған дейін оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде Алматыдағы шектеу шаралары туралы сөз қозғап, қаладағы ауруханалардағы төсек орындарының 95%-ға толып қалғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861126-bajkoyrda-koronavirustan-birinsi-adam-kajtys-boldy/

pixel