Выйти
RU

Шымкентте 5 және 8 жастағы қызды зорламақ болған ер адам қолға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында кәмелет жасына толмаған екі қызға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Polisia.kz мәліметінше, 11 маусым күні тәртіп сақшыларына белгісіз біреудің 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен. Сол уақытта қылмысты ашу үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

Олар педофилдің жүрген жерін анықтау мақсатында қылмыс болған аудандағы тұрғын үйлерді тексеріп шыққан.

Соның нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол 1988 жылы өмірге келген жергілікті тұрғын болып шықты. Оның бұрын сотталмағаны, жұмыссыз және үйленбеген екенін айтылды.

Ер адам өз қылмысын мойындады. Осы жағдайға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетсек, осыған дейін өгей әкесі бірнеше рет жорлағанын айтқан ару көпшіліктен көмек сұраған. Ол анасының күйеуі азғындық әрекетін видеоға түсіріп, бопсалауға дейін барғанын жайып салды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте 5 және 8 жастағы қызды зорламақ болған ер адам қолға түсті