Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 474 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16351-ге жетті

Опубликовано:

Өткен тәулікте тағы 474 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 16351-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos
"18 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр Сұлтан қаласында - 103, Қарағанды ​​облысында - 57, Алматы қаласында - 41, Шымкент қаласында - 37, Шығыс Қазақстан облысында - 35, Түркістан облысында - 32, Жамбыл облысында - 29, Батыс Қазақстан облысында - 28, Ақтөбе облысында - 27, Ақмола облысында - 20, Атырау облысында - 17, Солтүстік Қазақстан облысында - 12, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 11, Алматы облысында - 9, Маңғыстау облысында - 5 коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша ауру өсімі 3,0 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861132-tagy-474-zagdaj-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandardy-sany-16351-ge-zetti/

pixel