Выйти
RU

Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 778 адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус дертінің белгілері жоқ 778 тасушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 7609-ға жетті:

Нұр Сұлтан қаласы - 939 (+97) Алматы қаласы - 1040 (+62) Шымкент қаласы - 751 (+72) Ақмола облысы - 148 (+28) Ақтөбе облысы - 265 (+35) Алматы облысы - 505 (+51) Атырау облысы - 821 (+82) Шығыс Қазақстан облысы - 242 (+22) Жамбыл облысы - 146 (+31) Батыс Қазақстан облысы - 472 (+66) Қарағанды ​​облысы - 1137 (+96) Қостанай облысы - 104 (+25) Қызылорда облысы - 200 (+29) Маңғыстау облысы - 242 (+29) Павлодар облысы - 72 Солтүстік Қазақстан облысы - 169 (+12) Түркістан облысы - 356 (+41)

Соңғы дерек бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны он алты мыңнан асты. Олардың он мыңы қауіпті дертті жеңіп ауруханадан шықса, жүз бес адам вирус салдарынан көз жұмды.

Соңғы өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды облысында, Алматы қаласында, Ақмола облысында тіркелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 778 адам анықталды