Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман болдым": Танымал продюсер Қайрат Құдайбергеннің ауырғанына күйінді

Опубликовано:

Отандық танымал телепродюсер Әлия Құдайбергенова коронавирусқа сенбейтін адамдарға үндеу жасап, өзі куә болған оқиғаны баяндап берді. Телевизия маманының бірқатар таныстары індетке шалдыққан болып шықты. Оның үстіне, ол белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ауырып қалғанын естіп, жаман болып қалғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлия Құдайбергенова маскасын бір минутқа да шешпей сақтанып келген кәсіпкердің сырқаттанып қалғанына ашынған. Ол әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялап, өз көргенімен бөлісті. Телепродюсердің коронавирус жұқтырып алған танысы қалай ауырғанын айтып берген.

"Кеше бір танысым, бүгін бір танысым. Күнде осы. “Сенбесеңдер, міне!” дегендей, мына індет. Алла сақтасын, Қайрат Құдайберген маскасын бір минут шешпестен, сақ жүрген-ақ еді, өткенде ғана. Жаңа парақшасындағы видеосын көріп, жаман болдым. Дәріханаға кірсең, шошисың. Жаңа кеш қарайғанда рулде келе жатқам. “Жедел жәрдемнің” (екеуі бірдей) сигналын естімеппін, мүлдем. Жол беру керегін білем ғой, кете беріппін.

“Ей, жіберсеңші!” деп айқайға басқан ер адамның даусынан шошып кеттім. Дереу жол бердім. Ана жігіт жаныма келді де: “білесің бее, екі скорыйда менің жақындарым жатыр! Олар қысылып жатыр! Короновирус дегенді естіп пе ең?” деп, айғай салды. Орыс тілінде. Кешірім сұрай бердім. Басқа не дейсің? Күйіп тұрғанын көріп тұрмын. Отбасынан бірнеше адам боп тұр ғой, сонда. Ойдан құрай салмаған шығар енді, қапелімде?

Түк ұқпай қалдым. Басым айналып кетті. Жол жиегіне тоқтадым. Сосын есімді жиып, үйге келдім. Әлі жамааан боп отырмын. Сен, сенбе, өйт, бүйт дегім келмейді. Оған аса зауқым да жоқ. Болған жағдайды жазғым келді. Қорқып-үрке беру де жақсы емес, әрине. Бірақ, үрейленетіндей-ақ дүрбелең басталған сияқты. “Бұл тұмауға да ұқсамайды. Сай-сүйегіңді сырқыратып, үстіңнен шелектеп су құйғандай терлей бересің, өкпең қысылып, әл-дәрменің қалмай, соңында теңселтіп жібереді екен” дейді, ауырған бір танысым. Аман болыңыздар, аман болайық!" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861153-zaman-boldym-tanymal-produser-kajrat-kdajbergenni-auyrganyna-kjindi/

pixel