Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі сыншы коронавирусты "кәдімгі грипп" деп жүргендерге ескерту жасады

Опубликовано:

Белгілі журналист, сыншы Әсия Бағдәулетқызы қоғамда "Коронавирус кәдімгі грипп сияқты ғой" деп жүргендер әлі бар екенін айтып, оларға тұмау мен Covid-19 вирусының айырмашылығын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әсия Бағдәулетқызы/Facebook, pixabay.com
Фото: Әсия Бағдәулетқызы/Facebook, pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Әсия Бағдәулетқызы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Коронавирус кәдімгі грипп сияқты ғой" деп жүргендер әлі бар екен. Мүлдем олай емес екенін басқа мемлекеттерден көріп отырған жоқпыз ба.

1) Гриппен ауырған бір адам 10 раундтан кейін 56 адамға жұқтырады. Коронавируспен ауырған бір адам 10 раундтан кейін 2047 адамды ауыртады.

2) Грипп жұқтырған адам екі күннің ішінде симптомдарын сезе бастайды. Ал коронавирус жұқтырған адам 5, тіпті 15 күн бойы бойында вирус барын еш сезбейді. Сол уақытта өзі білмей қанша адамға жұқтырады десеңізші.

3)Гриппке біраз адамда иммунитет бар, бұрын талай жағаласқан жау. Ал мына жаңа вирусқа иммунитет жоқ, ол біздің ағзамыз үшін мүлде бөтен, сондықтан да әр ағза әр түрлі жауап беріп, не істерін білмей қалады. Және көпшілікте иммунитет жоқ болғандықтан да ол тезірек тарайды.

4)Гриппен ауырғандардың 2% ғана ауруханаға жататындай деңгейге жетеді. Ал ковидпен ауырғандардың 20-31%на госпитализация керек. Сондықтан да дәрі де, ауруханада орын да, дәрігер де жетпей қалуы мүмкін науқасқа мойын бұратын.

5)Гриппен ауырғандардың 0,1 % қайтыс болады, ал ковидпен ауырғандардың 2-3% қайтыс болады дейді. Ал осыған дейін әлем бойынша тіркелген 8.5 млн ковидтің 454 мыңы қайтыс болса (worldometers.info), дәл қазір ресми түрде тіркелген науқастардың 5,3%ы қайтыс болды деген сөз. Осыдан кейін қалайша мұны "грипп сияқты" дей аласыз?

Қазақстанда қазір біраз танысым ауырып жатыр. Бәріне сауығып кетсін деп тілеймін. "Үйде емделсін деп айтты" деп дәрігерлерге ренжіп жатқандар бар. Мойындау керек, алпауыт деген Америкаң да, мықты деген Британияң да, басқа да батыс елдерінің көпшілігі де солай істеуге мәжбүр болды. Науқастың бәріне қарайтын жағдай жоқ өйткені, ең ауыр науқастарды ғана қабылдады, олардың ішінде де кімге көмектесетінін, кімді көмексіз қалдыратынын таңдауына тура келді.

Сондықтан, ойнамайықшы мұнымен. Әлемдік экономика ойнайтын нәрсе үшін тоқтап қалмайды ғой; шекаралар ойнайтын нәрсе үшін жабылмайды ғой.

Карантин ешбір мемлекетке пайдалы бола алмайды, әсіресе қазіргідей мұнай құнсызданған дәуірде біздікі сияқты мұнайға тәуелді мемлекетке. Еш мемлекет өзінің қалтасын қақпайды оңайлықпен. Карантин деген мемлекет үшін:

  • бизнестерді тоқтату,
  • қазынаға ағылған салықтарды саябырлату,
  • халыққа жәрдемақы үлестіріп, мемлекетті кедейлендіру. (Британияның үкіметін 42 000 адамның өлімін арқалады деп айыптауда, өйткені экономиканы алға тартып карантинді кеш жариялады. Ең пайдақұмар үкіметтер, оның ішінде АҚШ та карантиннен қашты барынша)
Сосын, біздің үйде отырғанымыз кімге пайдалы? Онсыз да құқығымыз үшін күресіп жетістіріп жүргеніміз шамалы ғой. (Көшеде жүрсең де ойына келгенін істеп келді ғой істейтіндер.) Егер расында үлкен қауіп болмаса, біз ғана емес, алып елдер де екі аяғы бір етікке тығылып отырмас еді бұлай", - деді төртінші билік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861157-belgili-synsy-koronavirusty-kdimgi-gripp-dep-zrgenderge-eskertu-zasady/

pixel