Выйти
RU

"Жалғыз қалдым": Отандық блогер ару сәтсіз некесі туралы бар шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желідегі көңілді видеолары арқылы қалың көпшілікке танылған Арай Құдайберген есімді блогер ару жолдасымен ажырасып кеткенін жайып салды. Өткен жылы ғана шаңырақ көтерген жастар бүгінде бірге емес болып шықты. Желі жұлдызының айтуынша, күйеуі оны жүкті кезінде тастап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/araikd. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/araikd. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Арай Құдайберген сәтсіз аяқталған некесі жайында Instagram парақшасында жан сырын ақтарған. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған блогер ару отбасылық өміріне қатысты бар шындықты ашып, ел көкейіндегі сұрақтарға жауап берген.

Аяғы ауыр кезде жалғыз қалған бойжеткен бүгінде босанып, сүйкімді қыздың анасы атанған.

"Үйленсеңіз тек махаббатпен деген ұғым болды менде. Қыз болған соң, әрине ұлдардың өзіңе көңіл аударғаны жақсы еді. Бірақ, бірден тартпайтын адамға ашығынан бетіне былш еткізіп айта салатынмын "доспыз ғой, арамызда ештене шықпайды", менімен болашаққа жоспарын құра бастамағанша.

Ал, мінекей басында 1-курста ұнамаған жігіт аяқ асты көзіме түсе бастады. Неге ұнамады дейсіз ба? Біріншіден-жасы үлкен, екіншіден-дым ұнамайтын. Оны ағам сияқты көретінмін. Үшіншіден, ол кезде тұрмыс құру туралы ойым да болмайтын. "Қайдағы той? Мен әлі жаспын, маған оқу керек" деп. Сөйтіп, кезінде ұнамаған жігіт ұнай бастады. Көзіме сондай керемет адам болып көрінді, балажан, маған қараған көзқарасы, өз сезімдерін білдіргенде. Әлі есімде.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Енді бақыттымын, ғашығымды кездестірдім, болашақ балаларымның әкесі деп жүргенде, аяқ асты қалай келді, солай кетті. Қыз ұзату, той бәрі болды. Өмірден алған ең ауыр шапалақ сол еді, аямай ұрды. Ішпен жалғыз қалдым. Өмірден түңіліп, жүзімнен өтірік күлкіні сығып жүрдім. Ел, сезбеді дейсіз ба? Бәрі сезді оны. Қолымнан келгенше жасырдым. Мен бәрі жақсы болады, әлі де қосыламыз деген үмітпен баланы туғанша жүрдім" , - деп жазды ол.

Жалғызбасты ана жолдасы өз әкесінің сөзін қолдап кеткені аздай, баласын мойындамай қойғаны жүрегін одан бетер ауыртқан.

"Сөйлеспедік емес, сөйлесіп те жүрдік аңда санда. Оның өзі бір түйірдей үміт отын жандырып тұр еді. Бірақ, өкінішке орай қызым туылмай жатып, әкесіз қалды. Екеуміз жүріп жүргенде "қызымыз,балаларымыз тезірек болса екен"- деп жүрген еркек, іштегі балаға қарамай әкеме қоңырау шалып, "қызыңызды алып кетіңіз" деді. Оған қоса өз әкесінің "ішінде бала да жоқ шығар" деген сөзін қолдап, "ол бала менікі де емес"-деп қосып жибергені бар емес па.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бір Аллах куә, қандай сезімде болғанымды білмейсіздер ғой. Сол сөздері жанымды күнде жеді. Соншалықты солай айтатындай қай жерде қателік жібердім?! Менен күмәнданатындай. Өз баласын, менікі емес дейтіндей?! Иә,менің де артық кеткен жерлерім болды,ұрыс та болды. Түсініспеушілік орын алды, бірақ бұндай шешімді одан күтпеп едім.

Бір сәтте өмірімнің күл талқаны шықты. Депрессияға түстім, күнде жылап, 7 кг бір аптада тастадым. Аяғым ауыр кезді, бұндай болады деп ойламаппын. Аллаға шүкір, қасымда ата анам болғанына. Ол кісілерсіз не істер едім? Алда не боларын білмеймін, бір Аллаға тапсырдым. Қатты қуантатыны ол қазір пыс пыс етіп ұйықтап жатқан қызым" , - деп ағынан жарылды ару.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жалғыз қалдым": Отандық блогер ару сәтсіз некесі туралы бар шындықты айтты