Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалықтарға демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерінің қаулысымен астаналықтарға алдағы 20 және 21 маусым күндері аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуға тыйым салынды - соңғы рет мұндай ережелер елордада қатаң карантин кезінде енгізілген еді. Ақпарат әкімдіктің сайтында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалықтарға демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды
Көрнекі фото: photosuret.kz: UGC

Cанитарлық дәрігер Пралиеваның бұйрығына сәйкес, астаналықтар үшін 19 маусымда 22: 00-ден 22 маусымның 00:00-не дейін жаяу және көлік қозғалысы шектеледі.

Үйден азық-түлік сатып алу, дәріханаға бару, анықтама болған жағдайда жұмысқа бару, шұғыл жағдайда медициналық мекемеге бару, сондай-ақ үй жануарларын серуендету үшін шығуға болады.

Келесі демалыс күндері қалада кафелер мен мейрамханалар жабылады, бірақ адамдар аулада орындықтары бар тамақтану орындарына бара алады. Осылайша, 50 орынға арналған жазғы дәмханалар қолжетімді болады.
  • Сенбі және жексенбі күндері үйдің жанындағы азық-түлік дүкендерінен басқа барлық дүкендер, сауда орталықтары, сауда үйлері, ірі супермаркеттер, базарлар жабық болады.
  • Сондай-ақ, 20 және 21 маусым күндері фитнес-орталықтар, бассейндер, санаторийлер, сұлулық салондары, монша, массаж бөлмелері, көлік жөндеу, көлік жуу қызметтері, дөңгелектер мен қосалқы бөлшектерді сату нүктелері жұмыс істемейді.

Еске салайық, елордадағы автобустардың қозғалысы да осы демалыс күндері уақытша тоқтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861192-elordalyktarga-demalys-knderi-jden-syguga-tyjym-salyndy/

pixel