2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

СҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Топ мүшелері заңсыз әрекеттермен бірнеше жыл бойы айналысып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

оооооооооо

Жедел түсірілімдегі кадрлар

Ұйымдасқан қылмыстық топ жалған шот-фактуралар шығарып, Солтүстік Қазақстан облысында ақшаны қолма-қол етіп алумен заңсыз айналысқан.

Осындай алаяқтықтың арқасында олар, алдын ала болжам бойынша, 500 миллион теңгеден астам салықтан бұлтарған. Олар 9 маусымда қылмыс үстінде қолға түсті. Бұл 9,3 млн теңгені қолма-қол ақша қылып қайтару кезінде болған.

Тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүзеге асырылады: ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс жасамай, қызмет көрсетпестен немесе тауарларды жеткізбестен шот-фактураларды ресімдеу бойынша іс-әрекеттер.

Тінту кезінде олардан құжаттар, флэш-дискілер, пломбалар, мөрлер және 12 миллион теңге табылып, тәркіленді. Соттың санкциясы бар төрт күдікті екі айға қамауға алынды.

Еске салсақ, 2020 жылдың 3 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескені туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды (видео)