RU

Zepter вирусқа төтеп беретін жаңа өнімін ұсынды

ДДҰ жағдайды ұдайы бақылап, қауіпті вирустың екінші толқынына төтеп беру үшін түрлі шараларды қолға алуда. Пандемия өмірдің бізге беймәлім болып келген жаңа бір қырын ашып көрсетті. Бұдан былай денсаулыққа көңіл бөлу қажеттілікке айналып отыр. Ал бұл мәселе әлі ұзақ уақыт бойы өзекті болып қалады деп болжам жасауға әбден болады.

Zepter вирусқа төтеп беретін жаңа өнімін ұсынды
Zepter вирусқа төтеп беретін жаңа өнімін ұсынды: Facebook

АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі (EPA) ғимарат ішіндегі ауа сапасының нашар болуын қоғамдық денсаулық үшін қаупі зор экологиялық қауіпті факторлардың бестігіне енгізген. Біз уақытымыздың 90%-ын ғимарат ішінде өткіземіз, ал ондағы ауа даладағы ауаға қарағанда 4-10 есе лас болуы мүмкін. Үй немесе кеңсе ішінде ауаның қайта айналымы қарапайым желдету жүйелері есебінен жүзеге асырылады. Сол себептен онда шаң-тозаң, бактериялар, аллергендер мен токсиндер жиналып қалады.

Ауа жаңармағандықтан, олардың көлемі де арта түсіп, зиянды заттар өкпе альвеолаларына тұрып қалады да, тыныс алу мүшелері ауруларына әкеледі, иммунитетті әлсіретеді. Бұл факторға маусымдық аурулардың қозуы қосылады. Ал қазір бұл жайтты коронавирус дертінің жаңа түрі асқындырып тұр. Сондықтан жақындарымыз бен өзіміздің денсаулығымызды қорғау үшін үй мен кеңсе ішінде ең тиімді деген алдын алу шараларын қолға алудың маңыздылығы артып отыр.

Осы факторлардың барлығын есепке ала отырып, Zepter командасының мамандары COVID-19 секілді агрессивті ауа ластағыштардан қорғайтын Therapy Air Ion деп аталатын кәсіби ауа тазалау жүйесін жасап шығарды. Therapy Air Ion сүзгілеудің бес сатысын жүзеге асырады. Қуаты мықты желдеткіш ғимарат ішіндегі ауаны сорып алып, оны сүзгіштерден өткізеді. Олардың әрқайсысы ауа ластағыштардың белгілі бір түрін жояды. Электростатикалық сүзгі ауаны алдын ала тазалап, шаңның, зеңнің, шаш пен үй жануарларының жүнін жояды.

Одан кейін ауа бактерияға қарсы сүзгіден өтеді. Бұл сүзгі шаңның, бактериялардың мөлшері 1 микроннан үлкен анағұрлым ұсақ бөлшектерін жоқ қылады. Үшінші сатыдағы hepa-сүзгі – шаңның өте ұсақ бөліктері мен темекі түтінін жинайды. Құрамында күміс пен апатит қосындысы бар аллергияға қарсы сүзгі легионелла (өкпенің қабынуына себеп болады) деп аталатын бактерияға қарсы әрекет етеді.

Сонымен бірге, көмірлі сүзгі тағамдардың, улы газдардың және өзге де жағымсыз иістердің барлығын жоюға қауқарлы. Бұл сүзгінің аса қарқынды сүзгіш қабілетінің арқасында жүзеге асырылады. Бұл сүзгілерден өткен тазартылған ауа Therapy Air Ion құрылғысының ең маңызды бөлігі – манағы пайдалы теріс иондар генераторына барып түседі. Генераторға барған ауа иондармен байытылады.

Zepter вирусқа төтеп беретін жаңа өнімін ұсынды
Zepter вирусқа төтеп беретін жаңа өнімін ұсынды: Facebook

Therapy Air Ion тиімділігін неміс ғалымдары да растап отыр. Дәрігер Винкенстың Gui-Lab тәуелсіз инженерлік бюросы ауаға зерттеулер жасап, оның ластағыштар (шаң-тозаң, бактериялар, зең саңырауқұлақтарын) мен COVID-19 тудыратын SARS- CoV-2 сияқты ауа арқылы жұғатын вирустардың ең ұсақ бөлшектерін жояда нәтижелі екенін анықтады.

Zepter мамандары Therapy Air Ion құрылғысын пайдалану үй ішіндегі ауаны аллергендер мен ластағыштардан қорғап қана қоймай, сіз және сіздің отбасыңызды сақтайтынына және Ниагара сарқырамасы маңындағыдай саф ауа жұтуға мүмкіндік беретіне сенімді.

Бұл - әлемдегі ауа тазалауға және ионмен байытуға арналған ең тиімді, үнемді және қауіпсіз құрылғылардың бірі!

Zepter International – дүниежүзі бойынша айрықша жоғары сапалы тұтыну тауарларын жасап шығаратын және сататын мультибрендті халықаралық компания. Цептер өнімдерінің репликаларын сату жағдайлары арта түсуіне байланысты, өз Клиенттеріне үнемі жағдай жасайтын компания өкілдігі жасанды өнімдер Сіздің денсаулығыңызға қауіп тудыратын материалдардан жасалатынын ескертеді.

Zepter-дің түпнұсқалық өнімдерін сатып алу мәселелері бойынша Сіз компанияның өз қалаңыздағы ресми өкілдігіне барып жүгіне аласыз немесе 3040 нөміріне (ұялы телефон арқылы тегін) хабарласуға болады.

www.zepter.kz

www.zflix.media

Instagram: myzepter.kz

Facebook: Zepter.Kazakhstan

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861199-zepter-viruska-ttep-beretin-zaa-nimin-syndy.html