Выйти
RU

50 млн теңге жымқырған: Жамбыл облысында әкімдік қызметкері істі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі онлайн-брифинг кезінде Жамбыл облысында басталған іс туралы хабарлады. Әкімдік басқармасы басшысының орынбасары миллиондарды жымқырды деген күдікке ілінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері 50 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, әкімдік басқармасы басшысының орынбасары және кәсіпкерлердің бірі тергеу үстінде. Олар бюджеттен 50 миллион теңге жымқырды деген күдік бар.

Тергеу бұл қомақты соманы құйтырқы әрекеттер арқылы қолды етуі мүмкін деп болжап отыр. Құжаттарда миллиондаған қаржы уран кен орындарында қоршаулар мен ескерту белгілерін орнатуға жұмсалған деп көрсетілген. Іс жүзінде ешқандай жұмыс жүргізілмеген деген болжам бар.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты басқа мәліметтер тергеу мүдделеріне сәйкес, әзірге жарияланбайтынын да қоса кетті.

Еске сала кетейік, жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігіндегі ірі қаражаттың қолды болғаны туралы тергеуді жалғастырып жатыр. Тергеу еліміздегі кино саласын қаржыландыруға бөлінген ақшаны асыра пайдалану арқылы қаржыны ысырап еткен деген болжам жасап отыр.

Еске сала кетейік, қаржы министрлігінің шенеунігі 400 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
50 млн теңге жымқырған: Жамбыл облысында әкімдік қызметкері істі болды