Выйти
RU

Елімізде жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина қашан сынақтан өтеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық ғалымдар дайындап жатқан коронавирус індетіне қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден қашан өткізілетіні белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Биологиялық қауіпсіздік мәселелері институттың ғалымдары үш платформада коронавирусқа қарсы бес кандидаттық вакцина әзірленіп жатыр.

Бірінші, инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылғы 15 мамырда өз тізіміне енгізді", - деді Аймағамбетов.

Оның сөзінше, екінші рекомбинантты суббірлікті вакцина, үшінші рекомбинантты векторлық вакцина дайындалуда. Кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.

2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталды. Тышқандардағы қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді.

"2020 жылғы 10 маусым мен 23 маусымда кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. 2020 жылғы маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығы, сондай-ақ күзен мен алтын сириялық алақоржынның иммуногендігі зерттеледі. Кейін 2020 жылдың қыркүйек айында клиникалық зерттеулерді бастау жоспарланып отыр", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына барып, COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина қашан сынақтан өтеді