Выйти
RU

"Шипа беруін тілеймін": Ердоған Назарбаевтың вирус жұқтырғанын қалай қабылдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғаннан жеделхат келіп түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эрдоған Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

Фото: netstorage-nur.akamaized.net

Түркия басшысы Қазақстанның Тұңғыш президентінің тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. 

Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін", - делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы 18 маусым күні белгілі болды.

Тұңғыш президенттің жағдайы туралы ақпарат Елбасы сайтында да пайда болды.

Ал біраз уақыт өткеннен кейін Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына қатысты пікір білдірді. Ол Елбасының қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шипа беруін тілеймін": Ердоған Назарбаевтың вирус жұқтырғанын қалай қабылдады