Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық журналист карантинде ұтыс өткізіп жүрген блогерлерді қатаң сынға алды

Опубликовано:

Танымал журналист Мариям Абсаттар карантин кезінде "тайраңдап" жүрген блогерлерді сынның астына алды. Оның пікірінше, оқырманы көп кейбір атақты адамдардың ұтыс ойынын ұйымдастырып, қаланың қақ ортасында фотосессия жасауы жұртты сыйламағандық болып табылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Мариям Абсаттар және pixabay.com
Фото: Facebook/Мариям Абсаттар және pixabay.com: Instagram
"Осы блогерлерге сот жоқ па немене? Бәрі деп көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, өте танымал және оқырманы көп блогерлер тап осы дерт өршіп, адамдар топ-топ боп ауруханаға түсіп жатқанда, түк болмағандай тайраңдап лотореяларын ойнатып, қала берді қаланың ана бұрышы мен мына бұрышын кезіп, фотосессия жасап жүр.

Әрине, олар өздерін өте тәуелсіз санайды, себебі ешкімге бағынышты емес, ақшаны өзім тауып жатырмын дейді. Бірақ тауып жатқаны халықтың қалтасындағы ақша ғой. Шытырлатып миллиондарды санап жүр.

  • Халық соңдарынан еретінін біледі, оларға еліктейтінін біледі, ендеше тап осы тұста керісінше "халқым, өздеріңізге және жақындарыңызға жандарыңыз ашыса, сондай-ақ ауруханаларда өмір мен өлім арасында арпалысып жатқандар мен дәрігерлерге жандарыңыз ашыса, ешқайда бармай, ешқандай белсенділік танытпай жата тұрайық" деп құдайшылығын айтпай ма?

Жоқ, оларға бәрібір, типа "позитивке шақырып жатырмыз" деген желеумен тайраңдап жүр. Мен соларды "халық жауы" дер едім. Себебі оларға керегі тек ақша! Сен қырылып жатсың да, басқа да, шаруасы жоқ.

Түсінем, позитив керек. Бірақ адамдар күн сайын ондап көз жұмып жатқанда, жүздеп ауруға шалдығып жатқанда, атаң басына позитив ойлайсың ба? Бұл өмірден түңіл деген сөзім емес, бірақ "солидарность" деген бар, тәртіп деген бар! Сол тәртіпке бағынайық та!

Қымбатты блогерлер, халық болмаса, сендер ешкімге керек емессіңдер!

  • Сендердің шалқып жүргендерің - халықтың ақшасы!
  • Не одан салық төлемейсіңдер!
  • Хотябы, халықты сыйлаңдар!
  • Соңдарыңнан еретінін білесіңдер, ендеше тап осы кезде дұрыс ақпарат беріңдер
  • Халыққа артық ақшаң болса, қайта бөліп беріңдер! Қиналып жатқан елді одан сайын қинап, "онлайн марафон", "пәлен сарафон" дей бермей.
  • Ауадан ақша жасауды қойыңдар!

Жалпы, бізде әлеуметтік жауапкершілік өте төмен екен. "Өзім ауырмасам да, біреудің аурына себеп болып қалмайын" деген ой жоқ. Әйтпесе, мынадай дерт өршіп тұрғанда түк болмағандай қыдырып, той жасап, туған күн тойламас едік. Аяғымызға дамыл беріп, бейшара дәрігерлерге де сол арқылы 5 минут болса да демалыс сыйлар едік.

Ойланайық! Жалғыз үкіметті кіналаудан түк шықпайды. Өз денсаулығымыз, өз өміріміз өзіміге керек ең бірінші, осыны ұмытпайық! Әйтпесе ертең ауруханадан орын жетпей, сан соғып қалмайық!" - деді ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Мариям Абсаттар Covid-19 вирусын анықтайтын тестті ақылы етіп қойған билік өкілдеріне реніш білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861218-otandyk-zurnalist-karantinde-tys-tkizip-zrgen-blogerlerdi-kata-synga-aldy/

pixel