Выйти
RU

Еңбек және қоғамдық даму вице-министрі де COVID-19 жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукеновтен коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы шенеуніктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Еңбек және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі коронавирус жұқтырды

Ерлан Аукенов. Фото: Алматы әкімдігі

Бұл жаңалықпен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшысының орынбасары өз парақшасында бөлісті. Ол коронавирусқа арналған тесті оң нәтиже көрсеткенін жазды.

"Өзімді жағымды сезінемін деуге келмейді. Ем алып, оқшауланамын",– деп жазды Аукенов.

Вице-министрдің айтуынша, ауру әркім үшін әртүрлі және белгілері де өзгеше әсер етеді. Мәселен, шенеунік өзін "екі күн бойы вагондардан жүк түсіріп немесе бірнеше гектар жерге картоп отырғызғандай" сезінген.

Аукенов бастапқыда ауырып қалғанына сенбегенін және күмәнданғанын жасырмады, бірақ бүгін талдау нәтижелері шығып, шынымен де коронавирус жұқтырғаны анықталды. Вице-министр аурудың кім арқылы жұғуы мүмкін екенін білмейтінін де қоса кетті.

"Тіпті барынша қабылданған шаралар да көмектеспеді, тек осы сәтті артқа шегерді",– деп жазды ол.

Ол өзінің кәсіби міндеттерін әрі қарай да қашықтан орындай беретінін және еңбек оған өзін жақсы ұстауға мүмкіндік беретінін айтты.

Еске салсақ, премьер-министр Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шыққан болатын. Оның COVID-19-ға жасалған соңғы талдау нәтижесі теріс қорытынды бергені туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еңбек және қоғамдық даму вице-министрі де COVID-19 жұқтырды