Выйти
RU

Коронавирус "диагнозы" үшін 150 мың теңге төлейді: Жалған ақпарат таратқан тұрғын кешірім сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Балқаш қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде дәрігерлер ақысын төлеп, оның досына коронавирус диагнозын қояйық деп ұсыныс айтқаны туралы пікір жазған. Бір күннен кейін ер адам дәрігерлерден көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бұл жағдай қатысты Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус "жұқтырғаның" үшін 150 мың төлейді: Балқаш дәрігерлері пікір білдірді

Видеодағы кадр

Ер адам өзінің пікірінде досының аяғы сынып, ауруханаға түскенін жазған. Онда дәрігерлер пациентке коронавирус инфекциясын тасушылардың қатарына тіркеу туралы ұсыныс айта бастапты. Ер адамның сөзіне қарағанда, дәрігерлер "COVID-19" жалған диагнозын 150 мың теңгеге бағалаған.

"Мен түсінбедім. Бұл халыққа ақша тарату ма?! Мен де барсам бола ма! Мен де 150 мың теңге алғым келеді!",– деп жазған желі қолданушысы.

Ал өз кезегінде дәрігерлер ер адамды тауып алып, егер ол сөзін қайтып алмаса, сотқа жүгінетіндерін айтқан. Қала тұрғыны өзінің айыптауларына дәлел келтіре алмағандықтан кешірім сұрауға мәжбүр болған.

"Мен, Нұрышев Руслан Ермекұлы, жалған ақпарат пен жала жапқаным үшін Балқаш қаласының денсаулық сақтау бөлімінен, орталық қалалық ауруханадан және барлық дәрігерлерден кешірім сұраймын", – деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл жағдайға Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Біз әр азамат жалған ақпарат таратқаны үшін жауап беруі керек деп санаймыз. Коронавирус инфекциясымен күрсте дәрігерлер қазір алдыңғы шепте жүр, вирус жұқтырып алып жатыр, денсаулығына қауіп төндіреді.
Мұндай жалған мәлімдемелерді есту – ауыр. Біз халықты жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Егер сұрақтарыңыз туындаса, жедел желі нөміріне 8 (7212) 95-55-59 хабарласыңыз. Барлық жағдайды зерттеп, біліп, тексеріс жүргізіледі", – деп атап өтті ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін белгілі айтыскер ақын Қайнар Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасында коронавирустың барына сенбейтінін жазып, елдің сынына қалған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус "диагнозы" үшін 150 мың теңге төлейді: Жалған ақпарат таратқан тұрғын кешірім сұрады