Выйти
RU

"Жағдай нашарлауда": Израильде коронавирус індетінің екінші толқыны басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Израильде коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталды. Соңғы күндері вирус жұқтырғандар саны көбейген. Оған карантинді жеңілдету себеп. Осыған байланысты үкімет егер адамдар сақтық шараларын орындамаса, қатаң карантинді қайта енгізетінін ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

"Жағдай қайта нашарлап жатыр": Израильде індеттің екінші толқыны басталды

Фото: m.zerkalo.az

Израильде бір тәулікте 257 адам коронавирусты жұқтырып, халі нашарлары ауруханаға түскен. Дәрігерлер арасында да вирусты жұқтырғандар көбейген. Ресми деректер Израильде коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталғанын көрсетеді. 

"Ғаламдық дағдарыс кезінде вируспен күрес өзара жауапкершілікті талап ететінін талай мәрте айтқанмын. Өйткені, індеттің таралуы қайта күш ала бастады. Бұл бәрімізге Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауларын орындау қажеттігін көрсетіп отыр. Сондықтан жуырда вируспен күресу үшін қосымша шараларды қолға алуымыз мүмкін", - дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Осыдан екі апта бұрын Израилде коронавирустың таралуы төмендеп, тыныс алуды жеңілдету аппараттарын қажет ететін науқастар қарасы азайған еді. Көптеген ауруханалардың вирус жұқтырғандарға арналған бөлімдері бос қалып, жағдай едәуір жақсарған болатын.

Мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, өнеркәсіптер жұмыс істей бастаған. Содан болса керек, адамдар сақтық шараларын орындауды қойып вирус жұқтырғандар күрт артқан. 

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

"Қазір індетпен байланысты жағдайдың қайта нашарлап бара жатқанын көріп отырмыз. Өйткені, жастардың көбі бұл дертке немқұрайлы қарап, көшеге шыққанда бетперде тақпайды. Бірақ олар аурудың таралу қауіпі жоғары екенін және егде жастағы адамдарға қатерлі екенін ұмытпауы тиіс", - дейдідәрігер Галина Гольцман.. 

Қазір ел билігі де адамдардан әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, тазалық шараларын орындауды сұрап отыр. Егер бұл талаптар орындалмаса, вирус жұқтырғандар көбейіп, ахуал нашарлайтынын ескертуде.

Себебі, карантинді жеңілдетуден кейін коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуі жұқпалы аурудың тез тарайтынын көрсеткен.

Айта кетейік, елімізде де коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуіне байланысты 20-21 маусым — демалыс күндері қосымша шектеу шаралары енгізілмек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жағдай нашарлауда": Израильде коронавирус індетінің екінші толқыны басталды