Выйти
RU

Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды. Индербор кентінде бүгіннен бастап тәртіп күшейтілді. Онда 16 мыңға жуық халық тұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қатаң бақылау 2 шілдеге дейін сақталады. Тұрғындардың жүріп тұруына, көпшілік шараларды өткізуге толықтай тыйым салынды.

Сондай-ақ, кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысына да шектеу қойылды.

Қазір ауданда коронавирус жұқтырған 55 адам тіркелген. Индербор кенті Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарын жалғап жатыр. Енді осы өңірлерге қатынайтын жолаушылар кент арқылы өте алмайды.

"Индербор кентіне кіру-шығу толықтай тоқтатылады. Барлық маршрут, жолушы тасымалы, жүк тасымалы жеке тұлғалардың автокөліктері арқылы жүруі Жайықтың Еуропа беті арқылы, яғни республикалық маңызы бар Атырау-Орал республикалық маңызы бар трассасы арқылы жүзеге асыралатындығын сіздерге хабарлағымыз келеді", - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылдық округі аумағында карантин енгізілген еді. Одан бөлек, Атырау облысындағы №30 қалалық "Жұмбақ" балабақшасының үш қызметкерінен коронавирус анықталған. Мектепке дейінгі мекеме бірден өз жұмысын тоқтатты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды