Выйти
RU

Бейнебақылау камераларынан бір жыл бұрын өлген мысығын көрген келіншек жағасын ұстады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Reddit әлеуметтік желісінің Chlochan атты қолданушысы тылсым дүниеге толы видеомен бөлісті. Әйелдің айтуынша, ол үйіндегі бейнебақылау камераларынан осыдан бір жыл бұрын өлген мысығын көріп, жаға ұстаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Бейнебақылау камераларынан бір жыл бұрын өлген мысығын көрген ару есінен тана жаздады

Фото: Видеодан кадр

Желіде пайда болған видеодан бөлмеде жарық жанып тұрғанын, диванның сол жағында қара дақтың пайда болғанын көруге болады. Дақ бір қарағанда әйелдің бұрынғы үй жануарына ұқсапты.

"Мұны түсіндіру қиын. Бірақ видеода менің бір жыл бұрын өлген мысығым Блэкджек тұрған сияқты", - дейді ол.

Chlochan бөлме ішіне кірген кезде тылсым ештеңені байқамағанын айтады.

Видеоны көрген желі қолданушылары оның мистикаға толы екенін жарыса жазды. Олар экранда иесін сағынған мысықты көргендерін айтқан. Десе де, оқырмандар арасында келіншектің сөзіне сене қоймағандар да табылды.

Олар видеоның өңделіп, өзгертілгенін жазды. Алайда автор монтаждау оның қолынан келмейті екенін айтып, сендірген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үндістанда өздігінен қозғалған жаттығу құралы желі қолданушыларын шошытқаны туралы жазған едік.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Тылсым видео желіде лезде тарап, қоғам арасында біраз шу шығарды. Сол себепті оқиға болған Үндістанның Джханси қаласының полициясы бейнероликке түсініктеме берді.

Олар видеода ешқандай тылсым күштің жоқ екенін, жаттықтырғыштың жай ғана істен шыққанын хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейнебақылау камераларынан бір жыл бұрын өлген мысығын көрген келіншек жағасын ұстады