Выйти
RU

Алматыда "Рахат" фабрикасы 24 маусымға дейін жұмысын тоқтатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада "Рахат" кондитерлік фабрикасы қызметкерлерінің арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегінің тіркелуіне байланысты фабрика қызметін 24 маусымға дейін өз еркімен тоқтатқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің ресми telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19: Алматыда "Рахат" фабрикасы өз жұмысын уақытша тоқтатты

Фото: rakhat.kz

Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметтері бойынша 3 маусымнан бері шаһарда коронавирус жұқтыру деңгейі артқан.

Осыған байланысты, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда.

"Маусым айында азаматтардың өздерінің жүгіну және ұйымдар арасында ошақтардың пайда болуы есебінен ауру деңгейінің өскені байқалады. СЭС талаптарының бұзуына байланысты Көк базар да "Рахат" кондитерлік фабрикасы сияқты жабылып, айыппұл салынды.
Біздің қазіргі міндетіміз-ұйымдардың өздері бүгінгі таңда азаматтардың денсаулығы қымбат екенін түсінуілері үшін шаралар қабылдау", — деп атап өтті Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус белгілері жоқ тасушылардың анықталуына байланысты "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы 15 маусымға дейін тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін Жандарбек Бекшин 30 мамыр мен 4 маусым аралығында кондитерлік фабрикада жұмыс істейтін 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын, сондай-ақ, ауру белгілері жоқ 467 адамның белгілі болғанын мәлім еткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда "Рахат" фабрикасы 24 маусымға дейін жұмысын тоқтатты