Выйти
RU

Ақмола облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйелдің басы дауға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында коронавируспен ауырғандар туралы жалған хабар таратқан Ерейментау ауданының тұрғыны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 56 жастағы әйел коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

Көрнекі фото: obrazovaka.ru

Ведомствоның мәліметінше, 16 маусымда WhatsApp мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде полиция бөлімінің учаскелік инспекторы аудан тұрғындарының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы жалған ақпарат тарату дерегін анықтаған.

"Жедел-іздестіру шарасы кезінде Ерейментау ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 56 жастағы әйел анықталды. Ол аудиожазба арқылы жалған ақпаратты WhatsApp тобындағы өзінің туыстарына жіберген", - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274- бабы 2-бөлігі (жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, осыған дейін жалған ақпарат үшін Балқаш қаласының тұрғыны дәрігерлердің кешірім сұрғанын жазған едік.

Анықталғандай ер адам әлеуметтік желіде досының аяғы сынып ауруханаға түскенін, онда дәрігерлер пациентті коронавирус инфекциясын тасушылардың қатарына тіркеу үшін ақша ұсынғаны жайлы пікір жазған.

Өз кезегінде дәрігерлер ер адамды тауып алып, егер ол сөзін қайтып алмаса, сотқа жүгінетіндерін айтқан. Ал қала тұрғыны өзінің айыптауларына дәлел келтіре алмағандықтан кешірім сұрауға мәжбүр болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйелдің басы дауға қалды