2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Ресейде 18 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде Бурденко атындағы Бас әскери клиникалық госпиталінде коронавирусқа қарсы вакцина өз еркімен келіскен 18 адамға салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ cenralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде 18 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

Көрнекі фото: hightech.fm

Осылайша, Қорғаныс министрлігі Н.Ф. Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірлесіп, 16 маусым күні ресми түрде Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 инфекциясына қарсы препаратты клиникалық түрде сынауға кіріскен.

Сынақ барысында тоғыз адам препараттың бір құрылымын, ал тағы тоғызы екіншісін алған. Барлық процесті медициналық мекеменің тәжірибелі мамандары бақылап отырған.

"Еріктілерді сұрау және тексеру нәтижелері бойынша жағымсыз реакциялар немесе асқынулар байқалмайды, сынақ қатысушылары тарапынан денсаулық жағдайына шағымдар жоқ. Вакцинаны енгізгеннен кейін барлық еріктілер медициналық мамандардың үздіксіз бақылауында бола береді. Тұрақты скринингтер, қажетті сынамалар мен талдаулар жүргізіледі", - дейді Қорғаныс министрлігінде.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен төзімділігі туралы алғашқы деректерді алғаннан кейін бірнеше күннен соң келесі еріктілер тобына иммундау жүргізіледі. Қазір олар дәрігерлер бақылауында.

Осыған дейін Гамалеи орталығының директоры Александр Гинцбург вакцина дайындаған ҒЗИ қызметкерлермен бірге екпе қабылдағанын айтқан еді. Осыдан кейін барлығынан қорғаныш антиденелері табылған екен.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, препараттың алғашқы үлгілері осы жылдың тамыз немесе қыркүйек айында пайда болуы мүмкін.

Айта кетейік, отандық ғалымдар әзірлеп жатқан коронавирус індетіне қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден қашан өткізілетіні белгілі болған еді. Бұл туралы үкімет отырысында еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде 18 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды