Выйти
RU

"Ауруханада орын жоқ": Вирус жұқтырған Атыраудың бұрынғы бас санитар дәрігері үндеу жасады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясын жұқтырған Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері қазіргі халі туралы баяндады. Темірбек Мұсағалиев ауруханада орын жоқ болғандықтан, үйден емделіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

"Ауруханада орын жоқ, оттегі жетпейді": Атыраудың бұрынғы санитар дәрігері үйде емделуде (видео)

Фото: Видеодан кадр және "Ақ Жайық" басылымы

Осыдан үш күн бұрын Темірбек Мұсағалиевтың COVID-19 инфекциясына тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Мұсағалиевтің айтуынша, Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалындағы әріптесі КВИ жұқтырғанын естіген бойда бірден оқшауланған.

Алғашқы күндері ауру белгілері байқалмаған, бес күннен соң COVID-19 симптомдары пайда болған. Жетінші күні дене қызуы көтеріліп, тұмау мен жөтел басталған.

"Маған ауру қатты әсер етті: Ауа жетпей, үрейленіп, тыныс алуым қиындап кетті. Қазір оттегі баллонын алып жатырмын. Аурудың алғашқы белгісі пайда болғаннан кейін жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырды, бірақ онда қазір мүлдем орын жоқ. КВИ науқастары өте көп. Дәрігерлер де үш ай бойына шаршап қалған. Сондықтан үйде емделуді шештім. Өз-өзіме екпе егіп, дәрілерді ішіп жатырмын. Егер компьютерлік томографияда менде пневмония бар екені анықталса, онда алгоритмге сәйкес ауруханаға жатқызады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Алғашқы қаулыда көрсетілгендей, аса қажет болмаса, ешқайда бармағаныңыз жөн. Тек өз-өзіңізді оқшау ұстаңыз. Азық-түлік сатып алуға жақын маңдағы дүкенге барып келіп, үйде отырыңыз, қонақтықты қоя тұрыңыз. Бізде бұл аурудан көз жұмып жатқандар бар, тіпті 40 жастағы жастар қыршын кетіп жатыр", - деді Темірбек Мұсағалиев.

Айта кетейік, осыған дейін белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінен коронавирус анықталғанын хабарлаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ауруханада орын жоқ": Вирус жұқтырған Атыраудың бұрынғы бас санитар дәрігері үндеу жасады (видео)