Выйти
RU

Құлсары стансасы COVID-19 инфекциясына байланысты уақытша жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

18 маусымнан бастап Құлсары стансасына жолаушылар пойыздарына билет сатуға, отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Құлсары стансасы COVID-19 инфекциясына байланысты уақытша жабылды

Фото: "Ақ Жайық" басылымы

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамдастығы Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 18 маусымы сағат 07-00-ден 2020 жылдың 2 шілдеге дейін Құлсары стансасына келесі жолаушылар пойыздарына билет сатуға, отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлайды:

- № 37/38 "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол";

- № 309/310 "Маңғыстау-Ақтөбе";

- № 313/314 "Атырау-Маңғыстау";

- №77/ 78 және № 313/314 жолаушылар пойыздарының құрамында қатынайтын "Алматы-2-Құлсары" тікелей қатынайтын вагондар.

Құлсары стансасынан пойызға отырғызу/түсіру жолаушыларда дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы немесе медициналық мекеменің шақыру хаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 

Бұдан бұрын Құлсары стансасына дейін немесе сол стансадан жол жүру құжатын (билетін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжатын қайтарып, жүрілмеген жолдың айырмашылығын ала алады немесе билет құнын толық қайтарып ала алады.

Билеттің ақшасы билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қайтарылады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Коронавирус пандемиясына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауларын және өзімен бірге жеке қорғаныш құралдарын алып жүрулерін сұрайды.

Айта кетейік, қызметкерлер арасында коронавирус жұқтыру дерегінің анықталуына байланысты бұған дейін Алматыдаға Көк базардың, "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Құлсары стансасы COVID-19 инфекциясына байланысты уақытша жабылды