Выйти
RU

"Aman bolynyz": АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Назарбаевқа сауығып кетуін тіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео коронавирус жұқтырған Нұрсұлтан Назарбаевқа амандық тіледі. Ол жылы лебізін Twitter желісінде жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы коронавирус жұқтырған Назарбаевқа амандық тіледі

Фото: twitter.com/SecPompeo

"Мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсқлтан Назарбаева COVID-19-дан толықтай және тезірек сауығып кетуін тілеймін. Бұл - елдеріміз үшін қиын кезең. Мен бұл ауруды бірге жеңетінімізге сенімдімін. Тезірек жазылыңыз және аман болыныз!", - деп жазды Майк Помпео.

Айта кетейік, күні кеше Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа саулық тілеп, жеделхат жолдаған еді.

"Сізге осынау қиын сәтте шын жүректен қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік қуатыңыз және оптимизміңіз сізге қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен толығымен сауығып кетуіңізді тілеймін", - деп келтірген Путиннің сөзін Кремльдің баспасөз қызметі.

Ал бүгін Нұрсұлтан Әбішұлына Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғаннан жеделхат келіп түсті. Ол да Елбасының денсаулығына алаңдап, тезірек айығуын тіледі.

"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін.  Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді. Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін", - делінген жеделхатта.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Aman bolynyz": АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Назарбаевқа сауығып кетуін тіледі