Выйти
RU

"Резервтер таусылуға жақын": Алматыда демалыс күндері неге карантин күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы онлайн брифинг барысында мегаполистегі коронавирус жағдайына қатысты өзекті ақпарат ұсынып, оңтүстік астанада қатаң карантин не себепті енгізілгенін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Резервтер таусылуға жақын": Алматыда демалыс күндері неге карантин күшейтілді

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қамалжан Надыров қазіргі сағатта бекітілген клиникалық хаттамалар КВИ-ге ұқсас симптомдары бар, бірақ коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен адамдарды да емдеуге мүмкіндік беретінін айтты.

"Егер пациенттерде пневмония, дене қызуының көтерілуі және басқа да КВИ симптомдарына ұқсас симптомдар байқалса, онда диагностика мен емдеудің ағымдағы хаттамалары бізге СOVID-19 оң нәтижесін күтпестен емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Бұл бізге жағдайды бақылауға және науқасты ауыр халге жеткізбеуге септігін тигізеді",- деді ол.

Жалпы қаладағы ахуал бақылауда.

"Қалада бос төсек-орындар бар, бірақ келіп түсіп жатқан пациенттер саны өсуде. Демалыс күндеріне жаңа карантин шаралары енгізілді, олар коронавирус жұқтырудың, толассыз түсіп жатқан жаңа пациенттердің тізбегін үзеді деген үміттеміз",- деді Надыров.

Сондықтан, ол халықты тағы да жауапкершілік танытуға, мамандар ұсынған нұсқаулықты сақтауға шақырды.

"Өйткені , мамандардың, дәрігерлердің қандай ауыртпалықта жұмыс істейтіні сіз бен бізге, біздің тәртіпке байланысты болады. Бүгінде оларға қатты ауыртпашылық түсіп отыр. Күн сайын ауыр халдегі пациенттер саны артып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Әрине, жұқпалы стационарларда орын болмауына байланысты емдеуге жатқызу мәселелесінде таңдау жасауға тура келетін уақытқа жеткізгіміз келмейді. Біздің мамандардың резерві таусылуға жақын, олар шексіз емес. Сондықтан, мамандар ұсынып отырған талаптарға жауапкершілікпен қарауды тағы да сұраймын",- деді Надыров.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзінше, эпидемия басталғалы қала бойынша КВИ жұқтырудың 3258 дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта стационарларда 1351 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 39-ы- бала. Жеті пациенттің жағдайы аса ауыр. Тағы 123 пациент ауыр халде жатыр, 889 -ының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Бес пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Пандемия басталғалы 2157 адам емделіп шыққан. Ал 17 адам коронавирус құрбанына айналған.

Айта кетейік, елде өткен тәулікте тағы 474 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 16351-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Резервтер таусылуға жақын": Алматыда демалыс күндері неге карантин күшейтілді