RU

"46 кереует бір күнде толды": Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар күрт өскен

Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар ауруханаға сыймай жатыр. Өңірде соңғы екі-үш күнде көмекке жүгінгендер саны күрт өскен. Аурухананың дәлізіне дейін жатқызылған науқастарға ем жүргізетін дәрігер де тапшы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"Соңғы 2-3 күндікте пневмониямен ауруханаға түскендердің өсуі байқалды. Қарғалы қалалық ауруханасындағы 46 керует бір күнде толды. Науқастар дәлізге түсе бастаған соң теміржол ауруханасындағы 300 керуетті пневмониямен түскендерге бөліп отырмыз. Себебі күніге 100-150 адам хабарласып, көмек сұрайды.
Екі күнде теміржол ауруханасына 190 адам жатқыздық. Бәрінің да жағдайы орташа ауырлықта. Егер олардан COVID-19 анықталған жағдайда бірден инфекциялық ауруханаға ауыстырылады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

Облыста 650 адам пневмония белгілерімен дәрігер көмегіне жүгінген.

"Негізгі тәртіп бойынша 200 пневмониямен жатқан адамға 10 дәрігер, 20 медбике, 20 санитар болу керек. Бізде 10 дәрігердің орнына бүгін түнде 4 дәрігер жұмыс істеді. Дәрігерлер де адам, ауырып қалады. Бас дәрігерлер мен орынбасарлары пневмониямен ауырып жатыр.
Қазір әр емхана, ауруханадан дәрігер, медике санитар мамандардан құралған команда жіберуге бұйрық шығардық. Жағдайды көріп, бірнеше дәрігер жұмыс істеуге қарсылық білдірді. Оларда адам. Осындай қиындықтарға кезігіп жатырмыз", - дейді Есенаманова.

Өңірде барлық емханалардағы жоспарлы жұмыстар тоқтаған.

Қалада үш стационарда тыныс алу жолдарына шағым айтқандар мен дене қызуы күрт көтерілген 296 адам ем қабылдап жатыр. 22 науқастың жағдайы өте ауыр. 16-сы өкпені жасанды жедлету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 16351-ге жеткен. Олардың 588-і Ақтөбе облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861316-46-keruet-bir-knde-toldy-aktbede-pnevmoniaga-saldykkandar-krt-sken.html