RU

Алматы облысында мемлекетке 28 миллион теңге қарызы бар адам ұсталды

Алматы облысында тәртіп сақшылары "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде мемлекетке 28 миллион теңгеден астам қарызы бар азаматты қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында мемлекетке 28 миллион теңге қарызы бар адам ұсталды
Көрнекі фото: pixabay/com: Depositphotos

Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде мемлекетке қарызы бар адамдардан жалпы сомасы 8 миллион 861 мың теңгеге 680 айыппұл өндіріліп алынған.

"Жол қозғалысы саласында әкімшілік айыппұл бойынша елеулі қарызы бар 13 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылды", - деп жазды Polisia.kz.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласында жалпы сомасы 28 миллион 568 мың теңге көлемінде салық және әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар Газель жүргізушісі ұсталды.

Оның автокөлігі мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған тұрағына орналастырылған.

Бұдан бөлек, борышкер азаматтарды аулаларды аралау арқылы анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы онлайн брифинг барысында мегаполистегі коронавирус жағдайына қатысты өзекті ақпарат ұсынып, оңтүстік астанада қатаң карантин не себепті енгізілгенін түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861318-almaty-oblysynda-memleketke-28-million-tege-karyzy-bar-adam-staldy.html